Қазақша

Біз жайлы

Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің «Дәулет» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің  «Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК 18.03.2009жылғы № 35-258 қаулысының негізінде 30.04.2009 жылы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қоғам мен мемлекеттің қажеттілігімен белгіленетін әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында құрылды. Дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстары, спорттық резервті дайындау, спорт жарыстарын ұйымдастыру және өткізу, соның ішінде халықаралық деңгейде, спорттық-көпшілік және спорттық оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу сияқты жұмыстар жатады.

«Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК мына мекенжайы бойынша орналасқан:  Нұр-Сұлтан қ., Қордай көшесі 6, «Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК-ның басқаруында келесі спорттық құрылыстар жатады: Жабық 8 корт,ашық жазғы корттар - 5 алаң, . Осы корттардың жабындысы - HARD, RuKort

Теннис кешенінде 8 ойын залы бар, 250 отыру орынға көрермендер мінбелерімен, ойын залында қалалық, облыстық, халықаралық, республикалық, сондай-ақ жартылай финалды және финалды турнирлер өткізіледі және  оқу-жаттығу сабақтары жүргізіледі. Сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізу уақытында киім шешетін орындармен, душ бөлмелерімен, қатысушылар мен көрермендердің тамақтануы үшін үш кафе-бармен жабдықталған. 

Спорт кешенінің жалпы күй-жағдайы Республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлер мен іс-шараларды өткізу үшін қолайлы. 

- «Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК-нда теннистен 8жаттықтырушы  жұмыс істейді;

- Аумақта 34 топтарда жаттығулар өткізіледі, соның ішінде 16 тегін топ. Барлығы 5-тен 18 жасқа дейінгі 343 бала ;

- Айына бір рет жүйелікпен жаттықтырушылардың, төрешілердің біліктілігін жоғарылату курстары өткізіледі;

- Барлық өткізілген спорттық іс-шаралардың фотохроникасы жүргізіледі;

- Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүйелі өткізіледі, аумақтың, сондай-ақ теннис корттарының тазалығына бақылау жүргізіледі;

 - Оқу-жаттығу үдерісі ұйымдастырылған, теннис бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Құрама командасының күнтізбелік жоспары құрастырылды. 

2009 жылдан бастап Теннистен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының құрама командасы құрылды. Аталған команданың капитаны -Юрий Щукин Бауржанович. Бұл құрама командаға  еліміздің атақты спортшылары кіреді, олар: Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Евсеев Денис, Нестеров Алексей,  Евгений Королев, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Сессиль Каратанчева, Путинцева Юлия, Данилина Анна.

Құрама команданың мүшелері көптеген халықаралық турнирлердің, соның ішінде  Қазақстан және Корея арасындағы «Азия Океания», Қазақстан және Швейцария командалары арасындағы «Девис Кубогі» турнирлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогіне өткізілген көптеген жарыстардың жеңімпаздары болып келеді.