Қазақша

Біз жайлы

Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің «Дәулет» Спорткомбинаты» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің  «Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК 18.03.2009жылғы № 35-258 қаулысының негізінде 30.04.2009 жылы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қоғам мен мемлекеттің қажеттілігімен белгіленетін әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында құрылды. Дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстары, спорттық резервті дайындау, спорт жарыстарын ұйымдастыру және өткізу, соның ішінде халықаралық деңгейде, спорттық-көпшілік және спорттық оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу сияқты жұмыстар жатады.

«Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК мына мекенжайы бойынша орналасқан:  Нұр-Сұлтан қ., Тұран даңғылы 4/2, «Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК-ның басқаруында келесі спорттық құрылыстар жатады: «Орталық корт» 2500 орынға мінбелермен, ашық жазғы корттар - 10 алаң, VIP корты. Осы корттардың жабындысы - HARD, RuKort. «VIP», «ҰТО» (Ұлттық теннис орталығы), сонымен қатар 2012 жылдың 15 қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жаңа теннис кешені ашылды. Бұл теннис кешені Астана қаласы Әкімдігінің сұранысы бойынша үлкен теннис спортың көпшілікке тарату, халықты салауатты өмір салтына қатыстыру және тенниспен айналысу үшін жағдайды жақсарту мақсатында салынды.

Қазақстан Республикасының теннис федерациясының шешімімен 2011 жылдың тамыз айында Ұлттық теннис орталығына Азиялық Ұлттық теннис орталығы мәртебесі берілді.

«ҰТО» (Ұлттық теннис орталығы) теннис кешенінде 2 ойын залы бар, 2500 отыру орынға көрермендер мінбелерімен 1-ші ойын залында қалалық, облыстық, халықаралық, республикалық, сондай-ақ жартылай финалды және финалды турнирлер өткізіледі, ал үш корты бар 583 отыру орынға көрермендер мінбелерімен 2-ші ойын залында  оқу-жаттығу сабақтары жүргізіледі. 

Кешен бейне-тарату кабинасымен, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізу уақытында киім шешетін орындармен, душ бөлмелерімен, қатысушылар мен көрермендердің тамақтануы үшін үш кафе-бармен жабдықталған. 

Спорт кешенінің жалпы күй-жағдайы Республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлер мен іс-шараларды өткізу үшін қолайлы. 

- «Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК-нда теннистен 20 жаттықтырушы  жұмыс істейді;

- Аумақта 65 топтарда жаттығулар өткізіледі, соның ішінде 38 тегін топ. Барлығы 6-тен 15 жасқа дейінгі 708 бала ;

- Айына бір рет жүйелікпен жаттықтырушылардың, төрешілердің біліктілігін жоғарылату курстары өткізіледі;

- Барлық өткізілген спорттық іс-шаралардың фотохроникасы жүргізіледі;

- Дәулет» Спорткомбинаты» МКҚК-ның оқу-спорт бөлімінің және Теннис Федерациясымен бірге мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде шағын теннис бойынша бағдарлама жасалды, енгізілуде және дамуда. Осы бағдарлама бойынша 20 маман қатыстырылып, дайындалды – мектептердің және бала бақшалардың мұғалімдері, қайсылары жалпы білім беру мектептердің және мектепке дейінгі мекемелердің 152-тан астам оқушыларын қатыстыруымен, осы әдістемені белсенді енгізумен айналысады;

- Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүйелі өткізіледі, аумақтың, сондай-ақ теннис корттарының тазалығына бақылау жүргізіледі;

 - Оқу-жаттығу үдерісі ұйымдастырылған, теннис бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Құрама командасының күнтізбелік жоспары құрастырылды. 

2009 жылдан бастап Теннистен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының құрама командасы құрылды. Аталған команданың капитаны -Доскараев Диас Бауржанович. Бұл құрама командаға  еліміздің атақты спортшылары кіреді, олар: Андрей Голубев, Михайл Кукушкин, Евсеев Денис, Нестеров Алексей,  Евгений Королев, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Сессиль Каратанчева, Путинцева Юлия, Данилина Анна.

Құрама команданың мүшелері көптеген халықаралық турнирлердің, соның ішінде  Қазақстан және Корея арасындағы «Азия Океания», Қазақстан және Швейцария командалары арасындағы «Девис Кубогі» турнирлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогіне өткізілген көптеген жарыстардың жеңімпаздары болып келеді.

Мысалы, Голубев Андрей – 2009 жылы Нұр-Сұлтан Президент Кубогіне өткен және 2011 жылы Гамбург қаласындағы жарыстардың жеңімпазы.

Михайл Кукушкин - 2011 жылы Нұр-Сұлтан Президент Кубогіне өткен және 2011 жылы Санкпетербург қаласындағы жарыстардың жеңімпазы.